соц метод

1. Тақырып: Әлеуметтану ғылым және оқу пәні ретінде

2. Мақсаты:

Қоғамда күнде кездесетін әдетті қатынастарды жаңа тұрғыдан дұрыс түсіну, әлеуметтік мәселелерді зерттеуге деген ынта-жігерді арттыру, келеңсіздіктерге апарып соғатын себептердің бірі – күрделі қоғамдық қатынастарға үстірт, жеңіл қарау, олардың мән-жайын терең түсінуден іргені аулақ салу, енжарлық, немқұрайлық сияқты қасиеттерден арылу үшін студенттердің ынтасын әлеуметтік мәселелерді ғылым тұрғысынан қарауға бағыт сілтеу. Әлеуметтік ғылымның пайда болу генезисін түсіндіру; әлеуметтанудың зерттеу объектісін, пәнін, методологиялық негізін және қызметін қарастыру.

3. Оқытудың міндеттері:

әлеуметтану ғылымының қоғамдағы алатын орнын, маңызын түсіне білуі керек;

студент әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәнін білуі тиіс;

студент әлеуметтанудың ғылыми түсініктерін анықтай алуы тиіс;

әлеуметтану ғылымының құрылымы мен қызметін анықтай алуы тиіс.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

Әлеуметтану ғылымының зерттеу объектісі мен пәні.

Әлеуметтану ғылымының әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі алатын орны.

Әлеуметтану ғылымының атқаратын қызметтері.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері:

Сабақ «шағын топтар» әдісі бойынша жүргізіліп, әр топ тьютордың жетекшілігімен семинар сабағының жоспардағы сұрақтары бойынша мазмұнына жауап береді. Әр сұрақты талқылап алғаннан соң, пікір-талас өткізілуі мүмкін. Сонымен қоса, семинар сабағында «Әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәні», «Әлеуметтанудың әлеуметтік-гуманитарлық пәндер жүйесіндегі алатын орны» атты тақырыптарындағы баяндамалар тыңдалады.

6. Әдебиет:

Әбсаттаров Р., Дәкенов М, Социологияға кіріспе. Оқу құралы. Алматы, 1999 ж.

Социология: Учебник для вузов /Под ред. Прпоф. В.Н. Лавриненко. М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2007 г.

Радугин А.А., Радугин К.А. Социология: курс лекций. М., 1997 г.

Фролов С.С. Основы социологии. М., 1997 г.

Добреньков В.И., Кравченко А.И. Социология: краткий курс. М., 2002 г.

Маркович Д. Общая социология. М., 1993 г.

Мягков А.Ю. Социология: Основы общей теории. М., 2003 г.

Гидденс Энтони. Социология. /При участии К. Бердсолл: Пер. с англ. Изд. 2-е, полностью перераб. и доп. М.: Едиториал УРСС, 2005.г.

Булатова Д., Исмагамбетова З.Н. Курс лекций по социологии. А., 2000г.

Тұрғанбаев Ә.Х. Социология.- Алматы, 2008ж.

7. Бақылау сұрақтары:

Әлеуметтанудың ғылым ретіндегі қазіргі кездегі түсінігін анықтаңыз.

Әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәні не?

Әлеуметтанудың негізгі зерттеу әдістерін атаңыз?

Әлеуметтану қандай қызметтер атқарады?

Әлеуметтанудың неғұрлым маңызда категорияларын атап оларға анықтама беріңіз.

Әлеуметтану пәнінің құрылымы қандай?

Әлеуметтік түсінігі. Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен байланысы.




Предыдущий:

Следующий: